
Астанада Мүдделі тараптар ұлттық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мұнай-газ және тау-кен секторы қауымдастығының және Азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселелер – ӨСАБ стандартындағы өзгерістерге қатысты ұсыныстарды қарастыру, ӨСАБ-ты біріктіру рәсімдерін келісімдеу, ӨСАБ бойынша 2018 жылғы 14-Ұлттық есепті даярлауға арналған техникалық тапсырманы қарау, Kazenergy қауымдастығы өткізетін Қазақстандық энергетика апталығы аясындағы ӨСАБ бойынша Ұлттық конференцияға дайындық жайы, басқа да мәселелер.
ҚР МТҰК-тің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 75 хаттамасымен толық ӨСАБ ұлттық сайты арқылы танысуға болады http://eiti.geology.gov.kz/ru/the-national-council/minutes-of-meetings.








