
Күн тәртібінде транзит саласындағы саясат, инфрақұрылымды дамыту мен қызмет көрсету, халықаралық сауда мен саудаға көмек, аймақтық интеграция мен ынтымақтастық, құрылымдық экономикалық трансформация және БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жолдары сияқты негізгі мәселелер талқыланды.
Аталған іс-шара барысында ҚР ИИДМ Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Башимов баяндама оқып, Қазақстанның көлік-тарнзиттік әлеуетінің дамуы туралы таныстырылымын ұсынды.
Сонымен қатар, биыл Парагвайдың теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобына төрағалығы аяқталып, кезек Азия-Тынық мұхит аймағына өтеді.
Осыған орай, теңізге шығатын жолы жоқ ең ірі дамушы мемлекет ретінде және көлік саласындағы жетістіктерін, 2050 жылға дейін әлемдегі 30 дамыған елдер қатарына ену мақсатын ескере отырып, Қазақстан 2020-2021 жылдары теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобына төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсыну туралы ниет білдірді.
Қазақстан 2003 жылы Алматы декларациясы және Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер үшін 2004-2014 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы қабылданған Конференциясын өткізген ең алғашқы мемлекет.
Қазақстанның аталған топқа төрағалық етуі аймақтағы байланысты дамыту, халықаралық саудаға жәрдемдесу, әкімшілік кедергілерді жою және мемлекеттің халықаралық аренадағы имиджін көтеруге әсер етеді.
Аталған ұсыныс биыл желтоқсан айында Нью-Йорктегі БҰҰ Хатшылығында қарастырылатын болады.

