ТКШ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ АЭРОҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ

ТКШ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ АЭРОҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ

Бұдан бөлек, тараптар еліміздің қалаларының инженерлік коммуникацияларының бірыңғай геокеңістіктік деректер базасын құру жолымен ТКШ саласында геоинфокоммуникациялық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді және сүйемелдеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, тараптар ТКШ саласында аэроғарыштық технологияларды қолдану бойынша маркетингтік зерттеулер мен энергия тиімділігін жетілдіру мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге ниетті.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев өткен жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ТКШ ҚазОрталығы қызметінің трансформациясы ТКШ жүйесін дамыту үшін Қазақстанның аэроғарыш саласының әлеуетін пайдалану қажеттігіне алып келгенін атап өтті.

«Аэроғарыштық мониторинг деректері коммуналдық инфрақұрылым объектілері туралы, олардың техникалық-экономикалық жағдайы мен мүліктік құқықтары туралы шынайы және өзекті ақпаратты жүйелендіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ақпараттық айқындылықты арттыру қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасына, энергия тиімділігін арттыруға және ТКШ саласына инвестиция тартуға оң әсерін тигізеді», - деп атап өтті.

Өз кезегінде «KazAeroSpace» ЖШС Бас директоры Бағлан Қазиев Жылу-энергия тиімділігі картасын жасау энергияны сақтау технологияларын дамыту және жылу шығынын болдырмау үшін де, аэроғарыштық мониторинг пен Жерді қашықтықтан зондтау үшін де үлкен әлеует болатынын хабарлады. Бұдан басқа бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құру мен жоғары технологиялық шешімдерді іске асыруда мультипликативті әсер етеді.

Болашақта тараптар ғимараттар мен ғимараттардың энергия тиімділігін салыстырмалы талдау үшін тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жылу арқылы (жиіліктердің инфрақызыл диапазонында) түсіру, ТКШ қажеттіліктері үшін автоматтандырылған геоақпараттық жүйені енгізу сияқты бірқатар пилоттық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Автоматтандырылған геоақпараттық жүйелерді қолдану тұрғын үй-коммуналдық кешенді дамытудың жалпы үрдістерін зерттеп, реттеу үшін ауқымды ақпараттық-талдау құралдарын береді, сондай-ақ жаңа әрі қолданыстағы инженерлік желілерді жоспарлауға, жөндеуге және реконструкциялауға арналған шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.