
Ресейлік «Сибирь» авиакомпаниясы (S7 Airlines) 2019 жылғы 28 мамырдан бастап, Новосибирск - Астана бағытында тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) A319 типті ұшақпен орындалатын болады.
Сонымен қатар, тасымалдаушы Мәскеу – Семей бағыты бойынша рейсті ашуды жоспарлап отыр.
Мұнымен қоса, әуе компания 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигациясында Қазақстанға ұшатын өз рейстерінде ұшу жиілігін арттыруды көздейді. Мәскеу – Тараз бағытындағы әуе рейсін аптасына екі рейске дейін, Мәскеу – Орал аптасына үш рейске дейін, Новосибирск – Қарағанды аптасына үш рейске дейін, сондай-ақ Новосибирск – Өскемен бағытындағы ұшуларды аптасына 4 рейске дейін жиілігін арттыру жоспарлануда.