ИИДМ басшысы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар марапаттар тапсырды

ИИДМ басшысы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар марапаттар тапсырды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызметкерлерді мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтау және наградалар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Бейбіт Атамқұлов министрлік қызметкерлеріне кәсіпқойлық пен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, жер қойнауын пайдалану және қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен қаржы департаменті директорының орынбасары Нұрлан Жүнісов марапатталды. Сондай-ақ, адами ресурстар департаментінің сарапшысы Гаухар Әжібаеваға Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы сайлау алдындағы заңнаманың конституциялық негіздерін білуге арналған акция жеңімпазының дипломы табыс етілді.

Сонымен қатар, Министрліктің 29 қызметкері министрдің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.