
«Құрылыс секторын цифрландырудағы өзара тығыз байланысты екі маңызды бағыттар - бұл баға белгілеу және ақпараттық модельдеу технологиясы. РҒТО және ҚазҚСҒЗИ бір бағытта жұмыс істеуі тарихи оқиға, сондықтан, біз қазақстандық әріптестеріміздің осы саладағы тәжірибесі мен жетістіктерін зерттейтін боламыз», - деп хабарлады РҒТО директоры, ТМД елдерінің құырлыс қызметіндегі баға белгілеу бойынша комиссия төрағасы Геннадий Пурс.
Бірлескен жұмыстар ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі баға белгілеу бойынша комиссияның 2019 жылы Минск қаласында өтетін кезекті отырысында ұсынылатын болады.
Анықтама: РҒТО - құрылыстағы баға белгілеу бойынша Беларусь Республикасындағы бас ұйым. РҒТО-да экономикалық қатынастарды дамытудың заманауи үрдістерін ескере отырып, ұлттық баға белгілеу жүйесін жетілдіру және еуропалық елдер мен жекелеген ТМД елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, баға қалыптастыру механизмін жаңғырту мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, РҒТО-да қатынастар орнатылған және құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша еуропалық елдердегі (Литва, Румыния) және ТМД елдеріндегі (Қазақстан, Молдова, Ресей) пікірлермен алмасу белсенді жүзеге асырылып жатыр.

