ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ИИДМ ҰЖЫМЫНА ЖАҢА МИНИСТРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ИИДМ ҰЖЫМЫНА ЖАҢА МИНИСТРДІ ТАНЫСТЫРДЫ

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды», - деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ вице-премьер министрліктің ұжымына бірлесе жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді. Министрлік ұжымының тұрғын үй, инфрақұрылым және индустриалды даму сияқты үш негізгі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Ж.Қасымбек жаңа министр мен министрлік ұжымына ИИДМ алдында тұрған маңызды жаңа міндеттерді атқаруда жетістіктер тіледі.