
Осы жұмыстың аясында үнділік «SpiceJet» әуе компаниясы тиісті рәсімдерден өтіп, Қазақстан Республикасындағы шетелдік әуе тасымалдаушы аккредиттеу туралы куәлігіне ие болды.
Үндістанның авиациялық билік орындарының тағайындауға сәйкес, «SpiceJet» компаниясына аптасына 6 рейске Дели – Алматы - Дели бағыты бойынша ұшуға құқық берілді. Әуе компания аталған бағыт бойынша Боинг 737 ұшағында тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Бұл рейстің ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды арттырады, Қазақстанның транзиттік әлеуетін және туризм саласын дамытуға ықпал етеді. 2018 жылы еліміз арқылы транзиттік жолаушылар саны 45% -ға (2017 - 620 мың адам) артып, 900 мың адамды құрады.
«SpiceJet» - жергілікті және халықаралық рейстерді тұрақты орындайтын үнділік бюджеттік әуе компания. Ішкі рейстерден басқа, компания ұшақтары Ауғанстанға, Бангладешке, Гонконгқа, Таиландқа, Шри-Ланкаға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Оманға және Мальдив аралдарына ұшады.