«Бұл күн әрқашан аналарымызға, нәзік жандарға деген жылулық пен махаббатымызды оятады. Біз сіздердің жетістіктеріңізге қуанамыз, қоғам алдындағы жауапкершіліктеріңізді мақтан тұтамыз. Сіздер аяулы анасыздар, ардақты әжелерсіздер, және де адал жарсыздар», - деді Роман Скляр.
Бүгінгі күні Министрліктің орталық аппаратында 184 әйел жұмыс істейді. Бұл ретте, басшылық лауазымдарды атқарып жүрген аруларымыз да бар.
