
Заң департаментінің директоры Айдар Алиакпаров осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ол министрліктің реттелетін салалар бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жоспарлау мәселелерінде соңғы жылдарда оң динамика барын айтты. Сонымен бірге бірқатар мәселелерді атап, оларды шешу жолдары бойынша толық мәлімет ұсынды.
Талқылау реттелетін салаларда қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді сапалы жоспарлаудың және уақытылы әзірлеудің маңыздылығын көрсетті.
2019 жылы министрліктің норма шығармашылық қызметін жетілдіру мақсатында Жаупты хатшы семинарларды көптеп өткізу керектігін және министрлік қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру жұмыстарын жетілдіру қажеттігін айтты.
