
Құжаттарға сәйкес, компаниялар BIM-технологиялар, математикалық модельдеу, 3D-визуалдау және жасанды интеллект сияқты ғимараттарды жобалау және салу кезінде жаңа технологиялар трансферін жүзеге асыра бастайды, сондай-ақ «ҮТЖҒЗИ» ЖШС базасында BIM-технологиялар мен жобалық менеджментін оқыту бойынша академия құрады.
Мұндай шешімдерді пайдалану жобалау үрдісін, техникалық сипаттамалардың сәйкестігін тексеруді, объектілер салудың өзіндік құны мен уақытын дәл есептеуді сапалы етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, фин делегациясының сапары аясында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ кеңсесінде Финляндияның инженерия саласындағы инновациялық технологиялық компанияларын ұсынатын «Onninen Oy» халықаралық компаниясының басшылығымен кездесу өтті.
Тараптар кәріздік-тазарту ғимараттарын салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелерін, соның ішінде Қазақстанда жабдықтар өндіру мүмкіндігі мен қажеттілігін талқылады.
Кездесу барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ директоры-Басқарма мүшесі Әділхан Өмірбаев Мемлекет басшысының Қазақстанның түрлі өңірлерінде «жасыл» экономика саласында үздік фин шешімдерін енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес біздің орталық республика аумағында тиісті фин технологияларын ілгерілетуге ықпал етуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ, фин компанияларымен ынтымақтастық екі тарапқа да ұзақ мерзімді пайда әкелетініне сенім білдірді.
Анықтама:
AINS GROUP - әлемнің 60 елінде құрылысты басқару саласында «толық аяқталған» жобаларды жүзеге асыратын құрылыс-инжинирингтік компания.
Onninen Oy құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық кешендер мен сауда ұйымдары үшін инженерлік жабдықтарды (жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, желдету, электрмен жабдықтау, телекоммуникация), сондай-ақ логистика саласында қызмет көрсету кешенін, қаржылық қызмет көрсету саласында ассортиментті іріктеуді ұсынады. 2015 жылы сауда айналымы 1,6 млрд. евроны құрады. 2016 жылы Kesko концерні сатып алды (айналым бойынша Солтүстік Еуропадағы 3-ші сауда операторы – 13,4 млрд.еуро). Компания Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Ресейде, Польшада, Эстонияда, Латвияда, Литвада жұмыс істейді.

