
Отырыс барысында тараптар жолаушылар мен жүк тасымалы мәселелерін талқылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы жүк тасымалының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және биыл екі ел арасында жүк тасымалының көлемі ұлғайғаны айтылды.
2018 жылдың қортындысы бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 15%-ке өсті және 6,7 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер қағаз және қағаз өнімдері, дайын тамақ пен ағаш өнімдері және т.б.
Келіссөздер барысында тараптар тасымалдаушылардың мүддесін ескере отырып, 2019 жылғы квотаға қосымша 200 әмбебап, 200 үшінші елдерге/елдерден және 50 жолаушылардың тұрақсыз тасымалдарына рұқсат беру бланкілерімен алмасуға келісті.
Сонымен қатар, тараптар 2020 жылға рұқсат берудің 300 әмбебап, 200 үшінші елдерге/елдерден және 50 жолаушылардың тұрақсыз тасымалдарына рұқсат беру бланкілерімен алмасудың алдын ала квотасын келісті.
Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.


