ЮРИЙ ЛАВРИНЕНКО ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЙТА БАСҚАРАТЫН БОЛДЫ

ЮРИЙ ЛАВРИНЕНКО ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЙТА БАСҚАРАТЫН БОЛДЫ

Лавриненко Юрий Иванович «KAZLOGISTICS» көлік және логистикалық ұйым одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы қызметін атқарады. Ол әр жылдары индустриялды аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, ҚР орталық компартиясы сеторының меңгерушісі, Алматы темір жол бөлімінің бастығы, Павлодар облысы әкімшігі басшысының бірінші орынбасары, Қазақстан орталық компартиясы секторының меңгерушісі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, Парламент Мәжілісінің 2-ші шақырылым депутаты, «Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директоры және «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Логистика және тасымал жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі. Ұсынылған кандидатураны Қоғамдық кеңестің мүшелері бірауыздан қолдады. Қайта сайланған төраға сенім білдіргендері үшін алғыс айтты. Отырыс қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшелері кеңестің қызметін одан әрі жақсартуға қатысты бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар айтты.