АЛМАТЫДА BALTIMIХ ASIA 2019 2-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫДА BALTIMIХ ASIA 2019 2-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰРҒАҚ ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Онда жаңа өндіріс технологиялары, жаңа байланыстар, аймақтың ерекшеліктері, жаңа өткізу нарықтары сияқты мәселелер талқыланады.

Іс-шараны Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті КВИНТЕТ агенттігімен бірлесіп (2000 жылдан бастап BaltiMix ұйымдастырушы) ұйымдастырған. Конференция Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және Қазақ құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтының, сондай-ақ, Санкт-Петербург Мемлекеттік Сәулет-Құрылыс Университетінің ғылыми қолдауымен өткізіледі.

BALTIMIХ ASIA 2019 -Құрғақ Құрылыс Қоспалары саласының бизнес иелері, фирмалардың директорлары, бөлімшелердің басшылары, технологтары, жетекші мамандары кездесулер мен қарым-қатынас жасайтын алаң. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Армения елдерінен өкілдер қатысады.

BALTIMIХ ASIA 2019 конференцияда кездеседі:

  • ҚҚҚ және базалық шикізат өндірушілері,
  • құрылыс компаниялардың және ұлттық ЖОО өкілдері,
  • химия, өндірістік және зертханалық жабдықтар жеткізушілері,
  • құрылыс салушылар және девелоперлер, ритейл және т. б.

BALTIMIХ ASIA 2019 қатысушыларға әріптестермен, әлеуетті жеткізушілермен және клиенттермен танысуға және іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Конференция барысында құрғақ құрылыс қоспалар өндірудің және сатудың барлық негізгі процестері мен өңдеу материалдарының нарығына қатысты баяндамалар жасалады.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдері де баяндама жасайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында құрғақ құрылыс қоспалардың (ҚҚҚ) стандарттары  және оларды сертификаттау бойынша баяндама болады.

Қазақстан құрғақ құрылыс қоспаларының нарығын дамытудың мәселелері мен болашағы, Қазақстан Республикасының шикізат базасында құрғақ құрылыс қоспаларды жергілікті өндіру ерекшеліктері баяндалады.

Танымал сарапшылар соңғы ғылыми әзірлемелерді негізге ала отырып, құрғақ құрылыс қоспаларды өндіру және пайдалану жаңа технологиялары туралы айтып береді, ритейл өкілдері халықаралық және өңірлік тәжірибені негізге ала отырып, құрғақ құрылыс қоспалар сегментінде интернет-саауданың дамуы туралы баяндама жасайды.

САУДА-САТТЫҚ СЕССИЯСЫ (дербес қатынас келіссөздер форматында b2b) жеткізуші-компаниялардың өкілдеріне отандық және шетелдік өндіріс өнімді өзара жеткізу туралы бөлшек сауда желілері мен өндірушілердің уәкілетті менеджерлерімен жеке келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде ритейл өкілдері қазақстандық, ресейлік және шетелдік өндірушілердің әлеуетін әділдікпен бағалайалады  және де тауарлардың нақты түрлері бойынша ынтымақтастықтың нақты мүмкіндіктерін анықтай алады.

Конференция аясында мамандар WACKER MYLAB мобильді зертханаға бара алады, сондай-ақ, «Орман ертегісі» («Лесная сказка») бірегей таулы курортында, Қазақстанның тарихи және табиғи мұраларына экскурсиялар жасайды.