
Отырыс барысында Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылғы қорытындылары жөніндегі есеп қаралды.
«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Ахметовтың айтуынша, 2015 жылдан бастап елімізде индустрияландырудың екінші бесжылдығы іске асырылуда. Ол биыл аяқталатын болады.
Бағдарламаның нысаналы индикаторлары бойынша келесі динамика көрсетілді. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің экспорт көлемі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 15,7 млрд. АҚШ долл. құрады, ол 2015 жылғы деңгейден 11,9%-ке асты. Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі кәсіпорындардың толық айналымы бойынша 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек арасында 23,5 мың АҚШ долл/адамды құрады, ол 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ке артты.
«Өңдеу өнеркәсібінің соңғы 4 жылдағы ЖІӨ үлесі (2015-2018 жылдарда) 10,1%-тен 11,6%-ке өсті. Бұл өсім өңдеу өнеркәсібі салаларының орта және жоғары технологиясының есебінен қамтамасыз етілді», - деп атап өтті Ш.Ахметов.
Жалпы биыл Индустрияландыру картасы аясында 1,1 трлн.теңгеден астам соманың 120 жобасын іске қосу жоспарлануда. Онда 20 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
Анықтама: 2019 жылы іске қосу жоспарланып отырған ең ірі жобалар:
1. Ферросилиций өндірісі бойынша зауыт салу, «YDD Corporation» ЖШС (Қарағанды обылсы), Инвестиция: 30,6 млрд. тг., қуаттылығы: 108 мың тонна, жұмыс орындары: 300;
2. «Эйжа Стил Пайп Корпорейшн» ЖШС 355-ден 1420 мм дейін үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауытын салу(Алматы қ.). Инвестиция: 33 млрд. тг., қуаттылығы: 150 мың тонна, жұмыс орындары: 1 200;
3. «Қуаты жылына 197 100 тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу», «Orda Glass ltd» ЖШС (Қызылорда қ.). Инвестиция: 42,1 млрд. тг., жұмыс орындары: 150.
Кеңес қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік бағдарламаның негізгі нысаналы индикаторлары бойынша оң динамикасын атап өтті, сондай-ақ 2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ әзірлеу кезінде сабақтастықты сақтау жөнінде ұсынымдар берді.

