ҚР ИИДМ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ИИДМБ ҮШІНШІ БЕСЖЫЛДЫҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ 2018 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ҚР ИИДМ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНДЕ ИИДМБ ҮШІНШІ БЕСЖЫЛДЫҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ 2018 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Өткен жылдың соңында Үкіметтің қаулысымен индустрияландырудың үшінші бағдарламасының Тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың негізгі ережесі мен тәсілдері «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтармен тығыз өзара іс-қимылда әзірленді. «ҚИДИ» АҚ өкілінің айтуынша, индустрияландыру саясаты сабақтастықты сақтайды, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықта өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға баса мән береді. Кейін индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу кезінде бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп кәсіпорындарды іріктеудің түбегейлі критерийлері, кәсіпорындар үшін қолдау шаралары, кәсіпорындардың топтары бойынша қаржыландыруды бөлу, кәсіпорындардың, мемлекет пен даму институттарының өзара іс-қимылының механимзі нақты белгіленетін болады.

«Нұрлы Жер» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру отырыстың екінші мәселесі ретінде қаралды, ол жөнінде ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаурашылығы істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков баяндады. Оның айтуынша, 12,5 млн. кв. метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылғы деңгейден 12,1% өсті. Барлығы 113,7 мың тұрғын үй салынды.

Анықтама: 2018 ж. салынған 113,7 мың тұрғын үйдің 39,2 мыңы - жеке үй, көппәтерлі үйде 74,6 мың пәтер салынды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің мүшелері Министрліктің 2018 жылғы республикалық бюджетінің орындалу мәселелерін қарады. «Министрлік 2018 жылы 41 бюджеттік бағдарламаны іске асырды. Бюджеттің орындалуы 942 млрд. теңгені немесе 100% құрады (с.і. 377,4 млрд. теңге ЖАО мақсатты трансферттері және жарғылық капиталдың ұлғаюы, 119,7 млрд. теңге несиелендіру)» - деп баяндады Қаржы департаментінің директоры Гүлмира Тастамбекова.

Кеңес қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері 2020-2025 жылдарға арналған ИИДМБ әзірлеу кезіндегі жұмысты күшейту туралы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен бюджетті орындауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігі, өз қызметтерін ашық жүргізу туралы ұсынымдар берді.