«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫН» ДАМЫТУ АЯСЫНДА БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫН» ДАМЫТУ АЯСЫНДА БАСЫМ ЖОБАЛАРДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ БОЙЫНША ОТЫРЫС ӨТТІ

Кездесуге ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «ҚазАгро» Холдингі» АҚ», Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыру үшін әзірленетін нормативтік-құқықтық актілердің қазіргі мәртебесін, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ашық әңгіме барысында жеңілдікпен кредит беру және қамтамасыз ету бағдарламасында айқындалған туристік экономикалық аймақтарды кеңейту мәселелері, сондай-ақ өңірлік Жобалық кеңселер мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы тиісті өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.