ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ ЖҰМЫСЫНДА 340-ТАН АСТАМ ӘЛЕУЕТТІ ЖОБА БАР

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ ЖҰМЫСЫНДА 340-ТАН АСТАМ ӘЛЕУЕТТІ ЖОБА БАР

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту аясында басым жобаларды Жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын тиімді іске асыру үшін 2019-шы жылдың он сегізінші наурызынан бастап «Атамакен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында Бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жасайтын  Жобалық офис қызмет атқаруда.

Жобалық офис күн сайын бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап оны қаржыландыруға дейін жобаның барлық кезеңдерін сүйемелдейді, проблемалық мәселелерді қарастырып, оларды шешу бойынша ұсыныстары әзірлейді.

Бүгінгі күні Жобалық офистің жеті отырысы өткізілді, отырыс аясында өңірлердегі 300-ден астам кәсіпорын тыңдалды.

Жобалық офис жұмысында 306 млрд. теңгені құрайтын 344 әлеуетті жоба бар, оның ішіндегі 6,1 млрд. теңге болатын 10 жобаныекінші деңгейлі банктер мақұлдады (ірі малдардың еті, макарондар, гипс, көтерме бөлшектеу орталықтары, қонақ үйлер, сүт, шұжық өнімдері, картоптар),  жалпы сомасы 16,6 млрд. теңге болатын болатын 52 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында.

Банктердің қарауындағы әлеуетті жобалардың негізгі бөлігін жеңіл, тамақ өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларына қатысты жобалар құрайды.