
Биыл сервистік қолдау шаралары аясында экспорттаушылар үшін 15 сауда-экономикалық миссия, 7 ұлттық стенд, 4 сауда белгісінің таныстырылымы болады. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың жақын және алыс шет елдердегі мамандандырылған көрмелерге қатысады.
Экспорттаушыларға потенциалды шетелдік сатып алушылармен кездесулер өткізу, олардың өнімдерін жарнамалау, сондай-ақ көрме алаңын жалға алу, экспорттаушылардың шығындарын өтеу, қатысушыларға арналған үй-жайлар мен тамақтану, рейстер мен аударма қызметтерін төлеуге жәрдемдесетін болады. Бұл қолдау шараларында экспорттаушылардың 70%-ті, кемінде 270 отандық компания қамтылады.