ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ ӨТКЕН КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 54%-КЕ ӨСТІ

ҚАЗАҚСТАН АРҚЫЛЫ ӨТКЕН КОНТЕЙНЕРЛІК ТАСЫМАЛДЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ 54%-КЕ ӨСТІ

ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш 62,7 мың ЖФЭ-ті құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  54%-ке өсті (2018 жылдың қаңтар-наурызында 43,3 мың ЖФЭ).

Автомобиль көлігімен тасымалданған транзитті тасымал көлемі 392 мың тоннаны құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ке өсті (2018 жылдың қаңтар-наурызында 332 мың тонна).

Қазақстан аумағы арқылы өткен транзитті тасымалдың жалпы көлемі 4,16 млн. тоннаны құрады.

Темір жол көлігімен тасымалданған транзитті тасымал көлемі 3,77 млн. тоннаны құрады.