
Келісімге «Росатом» мемлекеттік корпорациясының күрделі жұмсалымдар, мемлекеттік құрылысты қадағалау және мемлекеттік сараптама бойынша директоры Геннадий Сахаров, buildingSMART ресейлік бөлімінің вице-төрағасы, құрылыстағы инженер-кеңесшілердің ұлттық қауымдастығының (ҚИКҰҚ) атқарушы директоры Ольга Кубанская және Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы Александр Шахнович қол қойды.
Үшжақты келісім бірлескен мақсаттық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды, ұлттық және халықаралық білім беру, ғылыми және практикалық жобаларға қатысуды ұйғарады. «Халықаралық форумның аясында біз тұрақты дамудың мақсаттарына жету, коммуникациялардың тиімділігін арттыру және ынтымақтастықтың жаңа нысандары туралы көп айтамыз. Бұл келісім екі елге бірыңғай стандарттар бойынша жұмыс істеуге және цифрлық технологиялар саласында тәжірибе алмасу жылдамдығын өсіруге мүмкіндік береді», - деді Геннадий Сахаров.
Келісім аясында «Ресей Федерациясының цифрлық экономикасы» ұлттық бағдарламасын іске асырудың және Қазақстан Республикасының құрылысын цифрландыру саласында жаңартулар енгізуде бірлесіп жұмыс істеу жоспарланып отыр. «building SMART ресейлік бөлімінің аясында жоспарланып отырған «Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен «ҚазҚСҒЗИ» арасындағы ынтымақтастық ТМД аумағында Open BIM практикалық тәсілін дамытуға түрткі болмақ. Алдымызда біздің елімізде туындаған тәжірибелерді құрылыс жобаларында аталатын деректерді басқару саласындағы қабылданған халықаралық бейіндік альянстың стандарттарына келтіру бойынша көптеген мәселелер мен міндеттер күтіп тұр. Сондықтан, салалық цифрландыру саласында өзіндік әдістемелік атқарымдары бар біздің компаниямыздың зерттеу топтарының күштерін біріктіру еліміздегі құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын үдемелі дамыту үшін қажет» - деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович.
Келісімнің жекелеген тармағында өзара байланысты деректер каталогтарын әзірлеу саласында өзара әрекеттесу жазылған. «ҚИКҰҚ базасында орыс тілді кеңістікте building SMART әдістемесін іс жүзінде енгізу мәселелерін пысықтау бойынша алаң құра алды. Талқылау жүріп жатыр және қалыптастырылатын халықаралық альянстың онтологиясына байланыстыра отырып орыс тілінде терминдер сөздігі жасаллып жатыр. Біз үшін ақпараттық модельдеу үдерістерін стандарттауда тәжірибесі бар қазақстандық әріптестеріміз осы жұмысқа қосылатыны маңызды» -деп атап өтті Ольга Кубинская.
Тараптар сондай-ақ мамандарды даярлау деңгейін жетілдіруге бағытталған жобаларды іске асыру кезінде өзара кеңес беру қызметтерін көрсету мүмкіндігі туралы келісті.
Анықтамалық:
ҚИКҰҚ - құрылыстағы инженер-кеңесшілердің ұлттық қауымдастығы. Ресейдегі инжинирингтік нарықтың қолданыстағы моделін жалпы қабылданған халықаралық салалық стандарттармен үйлестіруді мақсат ететін Ресейдегі алғашқы кәсіби бірлестік.
buildingSMART қауымдастығы – бұл деректермен алмасудың халықаралық ашық стандарттарын (OpenBIM тәсілі) әзірлеудің және бейімдеудің есебінен құрылыс экономикасын түрлендіруді және күрделі объектілерді пайдалануды басқаратын халықаралық ұйым. 2017 жылдан бастап Ресейде Құрылыстағы Инженер-Кеңесшілердің Ұлттық Қауымдастығының (ҚИКҰҚ) базасында buildingSMART International халықаралық кәсіби қауымдастығының ресейлік бөлімі жұмыс істейді. buildingSMART ресейлік бөлімі Ресей Федерациясында және орыс тілді елдерде ОpenBIM типті стандарттарды әзірлеу және бейімдеу мақсатында құрылған..
Росатом (толық атауы - «Росатом» атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорация) – жаһандық технологиялық көшбасшылардың бірі болып табылатын ресейлік мемлекеттік корпорация. Ресей Федерациясының көпбейінді жетекші өнеркәсіптік холдингтерінің қатарына кіреді. Атом энергетикасы, АЭС жобалау және құрылысын салу, энергетикалық машина жасау саласында активтерді біріктіреді. Росатом шетелдік жобалар портфелінің ауқымы бойынша әлемде 1 орынды (36 энергетикалық блоктар); уранның қоры бойынша 2 орынды және оны өндіру көлемі бойынша 4 орынды алады. Мемлекеттік корпорация ядролық отын нарығының 17%-ын қамтамасыз етеді. Росатомның қызмет саласына сонда й-ақ ядролық медицина қажеттіліктері үшін жабдықтар мен изотопты өнімдерді шығару, ғылыми зерттеулер жүргізу, материалтану, суперкомпьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету, әр түрлі ядролық және ядролық емес инновациялық өнімдерді өндіру кіреді. Росатомның стратегиясы таза энергияны, оның ішінде жел энергетикасын жасау жобаларын дамыту болып табылады. Росатом 300-ден аса кәсіпорындар мен ұйымдарды, оның ішінде әлемдегі жалғыз атомдық мұзжарғыш флотты біріктіреді.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – инженерлік-геологиялық шарттары өте күрделі аудандарды және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85-жылдық тәжірибесі бар. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Индустрия жәнге инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.
