
Бюджеттік әуе компанияны (лоукостерді) іске қосу мақсатында әуе көлігіндегі багаж нормасын тасымалдаушы белгілейді. Заңнамалық тұрғыда осындай өзгеріс енгізілді. Бүкіл әлемде лоукостер қызметі тиімділігін көрсетіп келеді, өйткені билет құны төмен. Алайда, тариф төмендету үшін ұсталынатын шығындарды, сондай-ақ қосымша қызметтерді алып тастау қажет (багаж, тамақтану бортында немесе орнын таңдау салонында және т. б.).
Fly Arystan отандық лоукостерін іске қосу билет құнын төмендету арқылы халыққа әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Биыл 1 мамырда Алматы-Нұрсұлтан бағыты бойынша алғашқы рейсті орындау жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде барлығы 6 бағытты іске қосу жоспарлануда, оның ішінде Алматы-Қарағанды, Алматы-Тараз, Алматы-Орал, Алматы-Павлодар және Алматы-Шымкент. Билеттерді сату 29 наурызда басталады. Аталған бағыттардағы тарифтер 3 999 теңгеден 12 999 теңгеге дейін болады.
Маршруттық желіні 2023 жылға қарай 54 бағытқа дейін кеңейту жоспарлануда.
«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 540 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілгенін атап өту қажет. Оларға сәйкес, багажсыз тасымал құқығы тек лоукост-тасымалдаушыға – FlyArystan-ға ғана берілетін болады. Бұл ретте салмағы 5 келіге дейінгі қол жүгі рұқсат етіледі. 20 келі жүк нормасы басқа әуе компаниялардағы қызметтердің толық спектрі бар тасымалдаушыларда сақталады.