
Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жаңа түзетулердің қабылдануы аз қамтылған отбасылардың және жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді, бұл халық арасында әлеуметтік мәселелерді төмендетеді.
«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін жедел шешу үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға жыл сайын 50 млрд. теңге бөлу қарастырылды. Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы, 2025 жылға дейін 40 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 7 жылда 350 миллиард теңгені құрайды. Ұсынылған түзетулер, бірінші кезекте, көп балалы отбасыларын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.», - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.
Заң жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларын іске асыру үшін Мәжіліс депутаттарының бастамашалық тобымен әзірленген, ол көп балалы отбасыларының және жұмыс істейтін жастардың тұрғын үй проблемаларын шешуге бағытталған.