
Сапары барысында М. Пшембаев аумақтық департаменттердің басшылығымен кеңес өткізді. Оған Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов және ҚР МҚІСҚА Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары Жандос Жұмабаев қатысты.
Жауапты хатшы жалпы министрлік алдында тұрған негізгі міндеттерді, соның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және ИИДМБ жүзеге асыру мәселелерін атап өтті.
Сондай-ақ, ол аталған міндеттерді тиімді іске асыру үшін ИИДМ-де жобалық менеджментті енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Осы тәсілді ұтымды қолдану және министрліктің жұмысын жүйелеу мақсатында қазіргі уақытта жобалық менеджментті енгізген басқа мемлекеттік органдардың тәжірибесі зерделенеді. Жоба офисінің штабы құрылды, оның мүшелері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында оқиды.
Сонымен қатар, кеңес барысында облыстық бөлімшелердің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Сапарының екінші күні Мереке Пшембаев Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы концессиялық жобасының құрылыс алаңына барды. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Ол 2022 жылға дейін аяқталады, деп жоспарлануда. Жобаны іске асыруға 3 мыңнан астам жұмылдырылады.
Сондай-ақ, ҚР ИИДМ Жауапты хатшысы биыл 26 қаңтарда жұмыс істей бастаған «Алматы-Қапшағай» учаскесінің ақы алу пунктінің жұмысын тексерді. Биылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы-Қапшағай учаскесінен түскен алым сомасы 144,9 млн.теңгені құрады.


Мереке Пшембаев «Алтын Орда» сауда орталығы ауданындағы «Алматы-Бішкек» автожолын күрделі жөндеу жобасына барды. Онда қоғамдық, жергілікті және транзиттік көлік үшін 10 жолаққа (2 бағытта 5 жолақтан) кеңейту, эстакадамен 1 бұрылу айналмасы, 16 км «Таға» типі бойынша бұрылу эстакадасы және «Апорт» сауда орталығы, "Алтын Орда" сауда орталығы және «Асыл Арман» тұрғын үй кешені ауданында үш жер үсті жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.
Жобаны іске асыру 2017 жылы басталған болатын. 2020 жылдың соңына дейін толық аяқталады, деп жоспарланып отыр.