АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-РФ (АСТРАХАНЬ) АВТОЖОЛЫ 2021 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛАДЫ

АҚТӨБЕ-АТЫРАУ-РФ (АСТРАХАНЬ) АВТОЖОЛЫ 2021 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Қазіргі уақытта құрылысшы-жолшылар учаскеде уақытша айналма жолды салу, өсімдік қабатын алу жұмыстарын орындауда.

Құрылыс нысанындағы жөндеу жұмыстарына 63 адам және 43 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Жобаның бас мердігері – «СинеМидасСтрой» ЖШС.

Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) автожолын қайта жаңартуды толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр.