ҚР ИИДМ-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕТЕКШІЛІК ӘРІПТЕСТІК БОЙЫНША 32 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

ҚР ИИДМ-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕТЕКШІЛІК ӘРІПТЕСТІК БОЙЫНША 32 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Анықтамалық

Автожол саласындағы 4 жоба,

Темір жол көлігі саласындағы 2 жоба,

Азаматтық авиация саласындағы 2 жоба,

ТКШ және энергия үнемдеу саласындағы 22 жоба.

Министрдің айтуынша, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮААЖ) салу және пайдалану» жобасы бойынша қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ал 2021 жылы жол ашылады. Күтілетін жол трафигі - тәулігіне отыз сегіз мың автомобиль.

2018 жылғы 22 маусымда «Алматы-Қорғас»  (Батыс Еуропа – Батыс Қытай) а/ж учаскесінде «Нұр жолы» өткізу пункті пайдалануға берілді. Р.Скляр атап өткендей, концессионер тарапынан келісімшарттық міндеттемелер толық көлемде орындалуда. Бүгінгі таңда автокөлік құралдарын тексеру 4 есеге қысқарды. Жүк тасымалы бойынша тәуліктік трафик 200 автомобильді құрайды.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар 11 мың км автожолға ақы төлеуді енгізуге мүмкіндік беретін ақылы жол жүйесін енгізу және қызмет көрсету жобасы іске асырылуда.

Ұзақтығы 153 км «Шар – Өскемен» теміржол желісінің жоба  құрылысы жүзеге асырылды. Концессия кезеңі 2028 жылға дейін анықталып, кейіннен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісіне беріледі.

Бүгінгі күні Шар-Өскемен желісінде жүк тасымалдау көлемі жылына 9 млн тоннадан асады.

2020-2022 жылдар аралығында ұзындығы 73,2 км «Алматы станциясын айналып өтетін темір жол желісін салу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Түркістан қаласы әуежайының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың наурыз айында еліміздің барлық әуежайларында қазақстандық авиакомпаниялардың қатысуымен жүк авиатасымалдары  саласында (e-Freight) қағазсыз құжат айналымы жүйесі тестілік режимде іске қосылды. Қазіргі уақытта Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен интеграция мәселесі пысықталуда.

ТКШ секторында 21 жоба іске асырылуда және пысықталуда.

Энергия үнемдеу саласындағы жобалар Павлодар, Атырау, Алматы,  Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында іске асырылуда.

Жылумен жабдықтау саласында жобалар Алматы, Ақмола  және Шығыс Қазақстан облыстарында іске асырылуда.

Сумен жабдықтау бойынша 1 жоба Маңғыстау облысында іске асырылуда.

«Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес министрлік осы сектордың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін заңнамалық, қаржылық және басқа да қажетті шаралар кешенін әзірлеуде», - деді Р. Скляр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін кең ауқымда енгізу үшін зор әлеуетке ие. Жылу-сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінде мемлекеттік сектордың үлесі қазіргі уақытта 90% - дан астамды құрайды.