
Негізгі көлік жолының өсімдік қабатын алу, ескі жол жабындысын фрезерлеу жұмыстары басталды, су өткізгіш құбырлары орнатылуда. Бұдан басқа құм, битум және темір бетон бұйымдары дайындалуда.
Қайта жаңартудан кейін автомобиль жолының 31 шақырымы I-ші «б» санатына, ал қалған 282 шақырымы ІІ санатқа келтіріледі. Бұл учаскеде екі деңгейлі қос жол айрығы салынады, 21 көпір мен 404 су өткізу құбыры қайта жаңартылады.
Аталған автожол учаскесі Алматы облысы Алакөл көлінің туристік кластеріне енген. Былтыр жолдың осы бөлігінен 1,2 млн. отандық және шетелдік турист өткен. Ағымдағы жылы 1,5-1,8 млн. адам көлемінде турист жүреді деп күтілуде.


