РОМАН СКЛЯР ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

РОМАН СКЛЯР ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ

Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі Екібастұзға сапары барысында жолай Шідерті кентіндегі «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тас жолының қалпына келтіру учаскесіне барды. «Қазавтожол» басшылығы министрге жол құрылысының барысы туралы ақпарат берді, Автомагистраль салу құрылысын аяқтау үшін Павлодар облысында орналасқан бірнеше учаскелердегі жұмыстарды аяқтау қажет, (Ақмола облысында орналасқан трассаның соңғы участогы 2019 жылы қаңтар айында пайдалануға берілген).

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 210 км автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.  Ең масштабты жоба – «Нұр-Сұлтан - Павлодар»  автобаны. Роман Скляр Шідерті кентінің маңындағы жол учаскесін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен және ондағы жасалған жол жиынтығымен танысты. 

Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрі мердігерлік ұйымдардан  құрылысты қысқа уақытта аяқтауды талап етті.

Сонымен қатар Роман Скляр ертеден келе жатқан ірі көмір кәсіпорындарының бірі  - «Богатырь Көмір»ЖШС-ң жұмысымен танысты. Оның екі «Богатырь»және «Северный» разрездері бүгінде Қазақстан бойынша көмір өндірісінің жалпы өнімінің 44% құрайды. Кәсіпорын толық қуаттылықпен жұмыс істейді, 2018 жылы бұл кәсіпорын 45 млн тоннаға жуық  көмір өндірді. Оған қоса, бұл өңірдегі ірі жұмыс беруші кәсіпорын болып табылады – кәсіпорында 6,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Импорт ауыстыру шеңберінде ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары белсенді түрде дамып келеді. Теміржол кластерін «Проммашкомплект» ЖШС жергілікті өндіріс орындары тетіктермен қамтамасыз етуде. «Проммашкомплект» ЖШС 2006  жылдан бағыттамалық бұрма, крестовина, жөндеу жинақтары, қатты диаметрлі темір жол доңғалақтарын өндірумен айналысады. Кәсіпорынның қызметі теміржол кластерін дамыту шеңберінде жобаны іске асыруға бағытталған жоғары технологиялық импорт алмастырушы өндірісті құруға бағытталған. «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС жүк вагондарын шығаруда. Тапсырылған мерзімде кәсіпорын жылына 2000 жартылай вагондар және 500 жабық вагондар немесе 500 платформа шығара алады.

Министр компания басшылығымен, тапсырыс берушілердің және жеткізуші тараптардың өкілдерімен бірге қиындықтарды шешу мүмкіндіктерін талқылады.

Министрге Кәсіби оқу орталығы алаңы көрсетілді, онда жағармай-энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсетуші мамандар  даярланатын болады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Роман Скляр журналистер қойған сұрақтарға жауап берді.