
Вице-министр «Талдықорған – Өскемен» автожолдарын қайта қалпына келтіру барысын тексерді . Жобаны қайта қалпына келтіру шеңберінде жол құрылысы жұмыстары 615 км ден 1073 км дейін Шығыс Қазақстан облысына тиесілі (ұзындығы- 458км). Жобаның мердігерлері «К-Дорстрой» АҚ және де «Todini Central Asia » ЖШС.
Аралаудың келесі нысаны «Қалбатау – Майқапшағай» жолының 906-1321. км учаскесі болды. Жол учаскесінің жалпы ұзындығы 415 км. құрайды. Ағымдағы кезеңде осы учаскеде жол төсемінің құрылысы және көпір құрылыстарында аралықтар орнату.жұмыстары орындалуда. 2019 жылдың соңына дейін 906-915 км ұзындықтың барлығына жол қозғалысын ашу жоспарланған.
Жұмыс сапары шеңберінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерімен кеңес өткізілді, онда вице-министр мердігерлер мен құрылысты бақылау қызметіне барлық жүргізілетін жұмыстарды жылдамдату, ал Тапсырыс берушінің өкіліне жүргізілетін құрылыс операцияларына бақылауды күшейту туралы тапсырмалар берді.
Тұтастай алғанда, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолдары бойынша 2019 жылы ұзындығы 268 км жол қозғалысын ашу жоспарлануда.
Барлық атқарылатын жұмыстар көлемін 2022 жылы аяқтау көзделіп отыр.
