ҚАЗАҚСТАН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА БІР АДАМҒА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙЫНША 1-ШІ ОРЫНДЫ АЛАДЫ – РОМАН СКЛЯР

ҚАЗАҚСТАН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА БІР АДАМҒА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙЫНША 1-ШІ ОРЫНДЫ АЛАДЫ – РОМАН СКЛЯР

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй  пайдалануға берілді, оның ішінде  – 5,7 млн. шаршы метр көп пәтерлі тұрғын үй және 6,8 млн шаршы метр жеке тұрғын үй болды.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу ФКИ  бойынша 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,1%  құрады.

Министр барлық өңірлердің жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті. Тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу көшін бастап тұрған Нұр-Сұлтан (2,4 млн. шаршы. м), Алматы (2,0 млн. шаршы. м) қалалары және Маңғыстау облысы (1,2 млн. ш. м). Оларға  бүкіл Қазақстан бойынша пайдалануға берілген баспаналардың 45%  тиесілі.

Төмен  көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (218 мың ш.м), Павлодар (284 мың. ш.м) және Қостанай (299 мың ш.м) облыстарында.

Р.Склярдың айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы мемлекеттік қаржының 1 теңгесіне жеке инвестицияның 7 теңгесі жұмылдырылған.

Инженерлік коммуникацияны  уақытылы жүргізудің арқасында жеке және мемлекеттік баспананың рекордтық 12,5 млн. ш. м (113,7 мың баспана) көлемде салуға мүмкіндік берді.

Осының барлығы ТМД елдері арасында бір адамға пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша 1-ші орынды алуға  мүмкіндік берді.

Аталған шараға «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Бәйтерек»АҚ ҰБХ, «Тұрғынүйжинақтау» АҚ, ҚР Ұлттық банкі, Қазақстанның ірі жеке құрылыс компаниялары, даму институттары, үлескерлер, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті атқару органдары қатысты.

Талқылау қорытындылары бойынша 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын,  «7-20-25» ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру Бағдарламасын  іске асыру барысында ескерілетін, әрбір отбасы үшін тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін   нұсқаулықтар берілді.