
Аталмыш Хаттаманың мақсаты – Қазақстан мен Грузия арасында, олардың аумақтары арқылы транзиттік тасымалдар, сондай-ақ үшінші мемлекеттен/мемлекеттерге жүк тасымалдары осы мемлекеттердің аумағында тіркелген тасымалдаушылармен рұқсат негізінде жүзеге асыруын ұйымдастыру үшін құқықтық негіз құру.
Хаттама сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң серпін беріп, екі ел арасындағы автокөлікпен орындайтын жүк тасымалдары көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.
2018 жылы Қазақстан мен Грузия арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 10,3 мың тоннаны құрады.
Хаттама күшіне енген соң тасымалдаушылар қазақстан-грузия автотасымалдар нарығын белсенді игере бастайтын болады.