
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы министрліктің жетекшілік ететін бірқатар салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазіргі уақытта Министрлік ЭЫДҰ-ң 3 жұмыс органымен белсенді түрде жұмыс істейді:
1) Болат комитеті;
2) Индустрия, инновация және кәсіпкерлік жөніндегі комитет;
3) Халықаралық көлік форумы.
«2017 жылдың маусым айынан бастап біз халықаралық көлік саласындағы маңызды беделге ие ЭЫДҰ Халықаралық Көлік Форумына (ХКФ) толық қатысушы болдық. ХКФ Министрлігімен ынтымақтастық аясында ЭЫДҰ-мен бірлесіп, «Жергілікті қосылған құнды тізбектерді оңтайландыру» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, деп атап өтті вице-министр.
ЭЫДҰ-ның Жаһандық қатынастар хатшылығының басшысы Андреас Шааль қазақстандық тараптың ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы белсенді жұмысын атап өтті, сондай-ақ вице-министр Т. Тоқтабаевқа Орталық Азия елдерімен сауда-көлік байланыстар саласындағы саясатты әрі қарай дамыту және нығайтужөнінде талдамалық ұсыныстар берілген жобаның бірінші кезеңінің аяқталуы туралы есеп берді.
Анықтама үшін: 2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін Министрлік ЭЫДҰ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының, Қырғызстанның, Монғолияның, Тәжікстанның және Өзбекстанның көлік қатынасын кеңейту және өңірлік ықпалдастықты кеңейтудің саясаты мен құралдары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне талдау және тәжірибелік ұсынымдар беру мақсатындағы жобаны іске асырды. Қырғыз Республикасына, Тәжікстан Республикасына, Өзбекстан Республикасына және Моңғолияға миссиялар өткізілді, онда ЭЫДҰ-мен ҚР ІІМ өкілдері қатысты.
Миссиялардың қорытындысы бойынша, Орта Азия елдеріндегі транзиттік әлеуетті нығайту және дамыту бойынша ХКФ мен ЭЫДҰ-ның алғашқы ұсыныстары ұсынылған, 2018 жылдың 25-26 шілдесінде Алматы қаласында Орталық Азияда сауда және көлік байланысын кеңейту бойынша аймақтық кездесу өткізілді.





