
Толығымен жаңартылған автомобиль жолы Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендері арқылы өтеді.
Қайта құру жобасы аясында күре жолдың бойында 6 көпір, 3 темір жол өткелі, 11 жарықтандырылған көлік айрығы, 276 су өткізу құбырлары, демалыс алаңдары, автопавильондар салынады. «Меркі-Бурылбайтал» автожолына төзімділігі жоғары қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон төселеді.
Жобаны толық аяқтау 2022 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.




