РОМАН СКЛЯР АЭФ АЛАҢЫНДА ЖЕТЕКШІ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

РОМАН СКЛЯР АЭФ АЛАҢЫНДА ЖЕТЕКШІ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Кездесулер барысында барлық негізгі бағыттар бойынша өзара әрекеттесуді және ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа перспективалары талқыланды.

«Tumad Minig» бас директоры Хасан Юсел мырзамен (Түркия), «Refex Energy Group»-тың бас директоры  Анил Джейн Тарчанд мырзамен екі жақты кездесулер өткізілді.

Анықтама:

«Tumad Mining» -кен компаниясы әр түрлі түркиялық тау-кен компаниясы болып табылады, ол бағалы және түрлі-түсті минералды барлау мен өндіру жұмыстарымен айналысады.

«Refex Energy Group» - бұл елдегі тұрақты энергетика саласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан және жетекші жеткізушілердің бірі. Компания қысқа мерзімде Үндістанда 700 МВт күн энергетикасының станциясын салумен айналысты,

Министр сондай-ақ, «AEON Corporation» корпорациясының негізін қалаушы және төрағасы  Роман Троценкомен және Shanghai Ace Investment & Development Co.Ltd. (ҚХР) Басқармасының Төрағасы Сунь Ванпинмен, DINATRON холдингінің (РФ) басшысы Виктор Поповпен, «Demir Export» (Түркия) өкілдерімен, сондай-ақ «Canarax group» компаниясы және компанияның негізін қалаушысы лары  Нитин Бхатнагармен  (БАӘ) кездесті.

Анықтама:

«Demir Export». Түркиядағы ең ірі өнеркәсіптік конгломерат болып табылатын «KoC Holding» холдингінің еншілес кәсіпорны.

«Canarax Trading LLC» компаниясы, металлургия және металл өндіру (қара және түсті құймалар) маманданған компания.


АЭФ шеңберінде «China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co. Ltd.»Директорлар Кеңесінің Төрағаы  Кин Джунман мырзамен (КХР), түрік конгломераты «YDA Holding» басқармасының төрағасы Хусейн Арслан мырзамен, «Eczacibasi Esan» компаниясының бас директоры Серпиль ДЕМИРЕЛЬ мырзамен (Serpil DEMIREL)Yıldırım Holding  компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Озер Оз (Özer Öz) мырзамен, сондай-ақ Idemia Identity and Security France  компаниясының вице-президенті Изабель ЛAУЗОНдармен екі жақты кездесулер өткізді..

Анықтама:

«China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Co. Ltd.» («NFC») 1983 жылы негізі қаланған «NFC» ЖШС Қытайдағы және шетелдегі түсті рудаларды өндіру бойынша жетекші қытайлық компания болып табылады

Eczacibasi Holding – 1942 жылы негізі қаланған Түркиядағы жетекші әртараптандырылған өнеркәсіптік холдингтердің бірі болып табылады.

Yildirim Holding – 1963 жылы Түркияның Самсун қаласында құрылған әр тарапты индустриалды тобы.

Сондай-ақ, бүгінгі күні Министрлікте «Ресей Федерациясының шекарасы (Орск) - Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханға) , 616-833 км, Атырау қаласының солтүстік айналымын қоса алғанда » жобасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)арасында несиелік келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне ЕҚДБ-ның вице-президенті Алан Пию, Орталық Азия бойынша басқарушы директор Бруно Балванера, ЕҚДБ-нің Қазақстан бойынша директоры Агрис Прейманис қатысты.