БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АҚАН-БҰРЛЫҚ ӨЗЕНІНДЕГІ КӨПІР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

БИЫЛ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АҚАН-БҰРЛЫҚ ӨЗЕНІНДЕГІ КӨПІР ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында жолшылар көпірдің төсемін кеңейту үшін арқалықтарды ауыстыру, тіректерді қалпына келтірулері қажет. Мамандар аралық тіректерді орнату бойынша жұмыстар жүргізуде. Тегістейтін қабатты орнату жұмыстары орындалды, төменгі торды байлау жұмыстары басталды. Көпір жұмысына 19 бірлік құрылыс техникасы жұмылдырылып, 41 адам жұмыс істеуде.

Күрделі жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүруде. Жаңа автомобиль көпірі 2019 жылдың қыркүйек айында ашылады деп жоспарланған.