
Жауапты хатшы Алматы қаласындағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлесе отырып, ҚР ИИДМ аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен жұмыс кездесулерін өткізді. Күн тәртібінде қызметкерлерді басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері талқыланды.
М.Пішембаев өз сөзінде Министрліктің аймақтық органдар мен бағынысты ұйымдардың назарын Министрліктің өңірлердегі өкілдері ретінде қарастыратын негізгі міндеттеріне тоқталды. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру деңгейін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді. Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуді және тиісті стандарттар мен ережелердің талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
Сонымен қатар, жұмыс сапарының барысында жауапты хатшы М.Пішембаевтың қала әкімі Б.Байбекпен кездесуі өтті, онда министрліктің Алматы қаласы әкімдігімен өзара іс-қимылының кейбір мәселелері талқыланды.
Жауапты хатшы сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының қызметімен танысты.