«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ҚОСЫМША 40 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАЛПЫ КЛАССИФИКАТОРЫН (ЭҚЖК) ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСТЫ

«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ҚОСЫМША 40 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАЛПЫ КЛАССИФИКАТОРЫН (ЭҚЖК) ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСТЫ

Отырыс барысында Жобалық кеңсенің Ағымдағы жылдың 3-20 мамыры аралығындағы жұмысының нәтижелері, басымдықты жобалар бойынша жеңілдікпен несиелендіру Бағдарламасының тізіміне өңдеу өнеркәсібінің тауарларын қосу мәселелері талқыланды.

Жобалық кеңсенің қатысушылары жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының шарттарын жақсарту, экспорттаушылардың шығындарын өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ реттелген сатып алулардағы жергілікті тауарлардың үлесін арттыру және заңсыз айналыммен күресу тәсілдері туралы мәселелерді талқылады.

Отырыстың қорытындысы бойынша жеңілдікпен несие беру бағдарламасына басымдықты жобаларды несиелендіру үшін қосымша 40 ЭҚЖК енгізу туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, заңсыз айналымға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізу үшін ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты қорғу комитеттерінің аумақтық жобалық кеңселердің өкілдерін қосу туралы мәселе шешімін тапты.