20 МАМЫР - БҮКІЛӘЛЕМДІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІ

20 МАМЫР - БҮКІЛӘЛЕМДІК МЕТРОЛОГИЯ КҮНІ

Жыл сайын кәсіби мереке белгілі бір ұранмен өтеді. 2019 жылғы Бүкіләлемдік метрология күнінің ұраны – «Халықаралық бірлік жүйесі-түбегейлі жақсырақ».

Бұл тақырып 2018 жылдың қарашасында Өлшемдер мен таразылар жөніндегі бас конференцияның Халықаралық бірліктер жүйесіне (БЖ) енгізілетін ауқымды өзгерістердің бірін мақұлдауымен байланысты. БЖ-ны жаңғырту-тарихи маңызды шешім. Ол ғылым мен техниканың қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келетін неғұрлым жетілдірілген және перспективалық өлшеу әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Метрология тұрақты жетілдіру арқасында экономиканың инновациялық дамуына, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлкен үлес қосып келеді.

Бүкіләлемдік метрология күнін өткізу Қазақстанның Жастар жылы аясында өтуде. Университет ірі кәсіпорындардың өкілдерін, отандық өнім өндірушілерді, аккредиттеу субъектілері мен студенттерді, жоғары оқу орындарының оқытушыларын біріктірді.

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Арман Шаккалиев атап өткендей, Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Метрология институты мен қазақстандық зертханалар жас мамандар үшін жақсы бастама болып табылады.

Семинар барысында метрология дамуының жай-күйі мен келешегіне, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың өзгеруіне, жүйеден тыс өлшем бірліктері мен оларды іс жүзінде қолдануға, өлшеу жүйелерінің инновациялары мен сандық технологияларына, өндірістің қазіргі заманғы қажеттіліктеріндегі сұйықтықтың көлемдік және жаппай шығынының физикалық шамасының эталондарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, семинарда 2019 жылғы «Үздік жас метролог» және «Үздік өлшеу құралы 2019» байқауларының жеңімпаздары марапатталды, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

«2019 жылғы үздік жас метролог» байқауында 1 – ші орынды "ҚазТрансОйл"АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының метрология қызметінің бастығы Есімжан Камалов алды.

2 - ші орынды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, көлік-энергетика факультеті, «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының 3-ші курс студенті  Марғұлан Фалеев алды және 3-ші орынды Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің аға оқытушысы Раушан Аймағамбетова алды.

Конкурс жеңімпазы Е. Камалов ұлттық метрологиялық мекемелердің Еуразиялық ынтымақтастығының өңірлік метрологиялық ұйымы өткізетін – «КООМЕТ-тің үздік жас метрологы» байықауында Қазақстанның өкілі ретінде қатысатын болады.

Сондай - ақ, отандық аспап жасаушылар арасында «Үздік өлшеу құралы – 2019» конкурсының қорытындысы шығарылды, оның жеңімпазы «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС болды.

2-ші орынды – «НПСП АЕТКАЗ» ЖШС компаниясы алды.

3-ші орында – «Поток-К бірлескен кәсіпорны» ЖШС алды.

Конкурс отандық өлшем құралдарын өндірушілерді қолдау және ынталандыру, сондай-ақ отандық өндірушілердің шығарылатын өлшем құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.     Семинар соңында «Қазақтелеком» АҚ (М. В. Марченко), «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ (В. Ф. Семенов)және ШҚО бойынша ТРМКД басшысы  (Б. К. Кунафиянов) «Еңбегі сіңген метролог» атағымен марапатталды.

Сондай-ақ, республиканың метрологиялық қызметтерінің мамандары еңбек жетістіктері мен өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Бүкіләлемдік метрология күнін мерекелеу құрметіне ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Техникалық реттеу және метрология комитетінің және «ҚазМетрИн» РМК грамоталарымен марапатталды.

«Метрология күнін Университет қабырғасында өткізу Қазақстанның метрологиялық ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы үшін алаң құруға мүмкіндік береді», - деді «ҚазМетрИн» РМК Бас директоры Тоқтабек Тоқанов.

Метрология әр адамның өмірінде маңызды рөл атқаратын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін өлшеудің сенімді нәтижелерін алу жолымен елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін сапа инфрақұрылымының маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Бүкіләлемдік метрология күні - 1875 жылғы 20 мамырда Парижде өткен Дипломатиялық метрологиялық конференцияда 17 мемлекеттің өкілдері бірыңғай халықаралық метрологиялық кеңістіктің іргетасын қалаған ғылыми – техникалық ынтымақтастық туралы алғашқы үкіметаралық келісімге - Метрикалық Конвенцияға қол қойған айтулы күнмен байланысты.