2019 ЖЫЛЫ АЭА-ДА 36 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ШАМАМЕН 1200 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

2019 ЖЫЛЫ АЭА-ДА 36 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ШАМАМЕН 1200 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Министрдің айтуынша, барлық арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының құрылысына жұмсалған бюджет шығындары 314,3 млрд. теңгені құрады, бұл ретте тартылған инвестиция көлемі 910 млрд. теңге. Яғни, арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымына салынған 1 бюджет теңгесіне 2,8 теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік берді.

Индустриялық аймақтарда инвестиция көлемі шамамен 183 млрд. теңгені құрайтын 168 өндіріс іске қосылды. 8,5 мыңнан аса жұмыс орындары құрылды. Бұл ретте, индустриялық аймақ инфрақұрылымына 85,9 млрд. теңге салынды. Осылайша, салынған 1 бюджет теңгесі 2,1 теңге инвестиция тартты.

2019 жылы жалпы мөлшері 160 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын 36 жоба іске қосылады, шамамен 1200 жұмыс орны ашылатын болады.

2021 жылға қарай жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 111 жоба іске қосылады. Индустриалды аймақтың аумағында 2021 жылға қарай 520 млрд. теңгенің 173 жобасы іске қосылады. Олардың ішінде жалпы құны 163 млрд теңге болатын 40 жоба жүзеге асырылатын болады.