ҚР ИИДМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУДЕ

ҚР ИИДМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУДЕ

Кеңеске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, көлік прокуратурасының, көлік және автомобиль жолдары комитеттерінің, облыс әкімдіктерінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының, қоғамдық мониторингтің мүшелері, "Қазақстан Темір Жолы" АҚ, "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ, "Жол активтерін орталықтандыру" РМК, "Адалжол" жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы т/ж билеттеріне жасанды тапшылықты, әсіресе жазғы кезеңде жолаушылар поездарында билеттерді заңсыз сатуды жоюды тапсырды, себебі бұл адамдарға қолайсыздық туғызады және ішкі туризмді дамытуға кедергі келтіреді",-деп хабарлады вице-министр Берік Камалиев.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында министрлік "Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, жолаушылар билеттерін сату кезінде алаяқтық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған Жол картасын бекітті.

"Аталған мәселелерді шешу үшін заңнамалық және жүйелі шаралар қабылдау қажет деп айтқым келеді. Осыған байланысты, кеңес қорытындысы бойынша министрлік жанынан Бас көлік прокуратурасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі, Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топ, "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құруды ұсынамын", - деп атап өтті Берік Камалиев.

Оның мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткізілген мәжілістен кейін ведомствода Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне 11 шілдедегі хаттамалық тапсырманы орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Бүгінгі күні автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық арқылы құқық бұзушылықтардың пайда болуы мәселесі өте өзекті болып табылады. Осы жылдың шілде айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп кеңес өткізіліп, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ, ИИДМ Көлік және автомобиль жолдары комитеттеріне нақты тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, Агенттіктің Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстары департаменттерінің қызметкерлерімен, арнайы мониторингтік топтардың мүшелерімен және "ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ қызметкерлерімен республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйін тексеру үшін рейдке шықты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға қатысты мәселелер бойынша Агенттікпен, сондай-ақ өңірлердегі арнайы мониторингтік топтардың мүшелерімен бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.