"ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚЫЛЫ ЖОЛДАРЫ БЮДЖЕТТЕН БІРДЕ-БІР ТИЫН АЛМАЙДЫ»

"ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚЫЛЫ ЖОЛДАРЫ БЮДЖЕТТЕН БІРДЕ-БІР ТИЫН АЛМАЙДЫ»

"Ұзындығы 211 км" Нұр-Сұлтан-Щучинск" автожолы 2013 жылдан бастап ақылы болып, осы уақыттан бастап осы жолды күтіп ұстауға бюджеттен бір тиын да жұмсаған жоқпыз". Бұдан басқа, биылғы жылы тағы үш жолда ақы төлеу жүйесін енгіздік: бұл ұзындығы 134 км "Нұр-Сұлтан-Теміртау", ұзындығы 47 км "Алматы – Қапшағай" және ұзындығы 292 км "Алматы–Қорғас"жолдары. Жолдардың бұл учаскелерінде пайдалануға берілген кезден бастап, оларды күтіп ұстау үшін бюджеттен қаржы алынған емес. Барлық жолдар жиналған қаржы арқылы өз есебінен қаржыландырылады", - деді "Қазавтожол "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов автомобиль жолдары мен көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша агенттіктің хаттамалық тапсырмасын орындау жөніндегі кеңестің барысында.

Сонымен қатар, осы жылдың басында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және "ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, автомобиль жолдары құрылысының сапасын арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылған. Осылайша, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі компанияның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жою бойынша ұсынымдар ұсынды.

Қазіргі уақытта АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде, тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді, онда мақсаттар, нақты іс-қимылдар, оларды орындау мерзімдері белгіленген. Жоспарды орындау үшін аумақтық бөлімшелерге тиісті ақпарат жеткізілді, автожолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыс сапасына қойылатын талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жобаларды іске асыруға қатысы бар тұлғалардың жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, автожол жобаларын мониторингілеу процесі автоматтандырылды, мердігер дайындаған материалдар туралы, техниканы жұмылдыру туралы мәліметтерді қоса алғанда, құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық сатыларында жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ашатын бағдарламалық қамтамасыздық енгізілді.  Кейіннен бұл бағдарлама корпоративтік сайтпен біріктірілетін болады, бұл пайдаланушыларға онлайн режимінде жобаларды іске асыру барысы туралы өзекті ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.

Жұмыстарды қабылдау және төлеу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелер арқылы орындалған жұмыстардың актілерін және ақы төлеу құжаттарын қалыптастыру бойынша пилоттық жоба енгізілді, бұл сыбайлас жемқорлық жасауға жағдай жасайтын адам факторын болдырмайды.

Бұдан басқа, жобаларды іске асыру барысында барлық процестерді автоматтандыру және адами факторды барынша жою үшін барлық атқарушы құжаттаманы электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.