АРЫСТА 5051 ОТБАСЫ ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ

АРЫСТА 5051 ОТБАСЫ ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ

Қаланы қалпына келтіру жұмыстарын 7785 құрылысшы жалғастыруда. Бір ай бойы олардың қатары күн сайын ондаған адамнан екі жүзге дейін толықтырылып отырды.

Ауқымды құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық аймақтары, сондай-ақ Республикалық маңызы бар қалалар жұмылдырылған. Арыстағы ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап Министрлік атынан бірінші вице министр Қайырбек Өскенбаев қалпына келтіру жұмыстарына бақылау және мониторинг жасау жұмыстарын жүргізіп келеді.