
Сондай-ақ стартта қатысушылар акселерация ережелері мен шарттары бойынша кеңес алады, ол мәреде өзінің стартапын рынокқа жіберу үшін барынша нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
StartUp Kazakhstan акселерациялық бағдарламасының үшінші толқынына өтінімдер қабылдау 2018 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында өткізілді. Он елден 500-ге жуық өтінім келіп түсті. Бұл жолы жобаның географиясы Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Литва, Польша және Норвегияны қамтыды. Командалар электронды коммерция, білім беру, қаржы технологиялары, Индустрия 4.0, смартсити, телекоммуникация салаларында жаңа шешімдер ұсынды. Сарапшылар 40 үздік ұсынысты іріктеп алды.
«Алғашқы екі толқын сияқты біз Қазақстанның, сондай-ақ шетел рыноктарының өнеркәсіптік және бизнес-секторларына ықпалдасу әлеуеті айқын болатын барынша пысықталған және перспективалы идеяларға басымдық береміз», - дейді Tech Garden ДКҚ бас директоры Санжар Кеттебеков.
StartUp Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Tech Garden ДКҚ іске асырылуда және шағын және орта бизнес рыноғында жоғары технологиялық компаниялардың сыни массасын құруға бағытталған. Стартаптарға инвестицияларды тарту және қаржыландыру үшін Tech Garden Ventures халықаралық венчурлық қоры құрылды.
«Акселерация әрбір стартаптың диагностикасынан басталады, одан кейін оны дамытудың жеке жоспары мен 3 айға созылатын мақсатты білім беру бағдарламасы жасалады. Бизнес-акселераторларға қарағанда, бізде стартап өнімінің технологиялық бөлігін «айдау» үшін бөлек құрам бар. Әр командаға коуч бекітіледі, ол тапсырмаларды қояды және күнделікті жетістікті қадағалайды» - дейді Санжар Кеттебеков.
Бағдараламаға қатысушылар 31 мың АҚШ долларына дейін қаржыландыру алады. Барлық стартаптар инвестициялық шартқа қол қойып, Қазақстан Республикасында ЖШС ашады. Ақша осы ЖШС-ның шоттарына аударылады және шарт талаптары бойынша алынған инвестициялар стартап-компаниялар тек өз өнімін Қазақстанда дамытуға жұмсайды. Бұл венчурлік тарихты стартап жасайтын бастапқы инвестициялар. Акселерация процесінде де, одан кейін де Tech Garden ауқатты стартаптарға іргелі инвестициялар тарту үшін венчурлік инвесторлармен және корпоративтік сектормен кездесулер өткізеді.
StartUp Kazakhstan бағдарламасының бірінші және екінші толқыны 2018 ж. өтті. Оған қатысуға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Болгария, Польша, АҚШ елдерінен 2 мыңнан астам стартап өтінім берді. Сараптамалық мұқият іріктеудің нәтижесінде 69 стартап (Қазақстанның 30-ы және ТМД елдерінің 39-ы) акселерациядан өтті. 2018 ж. стартаптар 250 жұмыс орнын құрды. Жас компаниялардың жиынтық түсімі 550 млн.теңгеден астам болды. Барлық жобалар нәтижелер көрсетті, кейбіреулері 200-300% өсті.
Өнеркәсіптік сектор үшін өнім жасаған 23 стартапты атап өту керек. Бұл Индустрия 4.0, жаңа материалдар, аддитивті машина жасау және ақылды инфрақұрылым саласындағы жобалар, олар қазірдің өзінде «ҚазМұнайГаз», KEGOC, «Теңізшевройл», «Камаз» сияқты кәсіпорындармен және басқа да индустриялық алыптармен ынтымақтасатын болады. Сонымен қатар, қаржы секторымен жұмыс істейтін стартаптар.
Ең перспективалы стартаптардың қатарында – «Коктем2». Бұл экологиялық жобалау мен мониторинг процестерін жаңа деңгейге шығаратын алғашқы қазақстандық бағдарламалық кешен. Жұмыс уақытын едәуір қысқартатын және жобалау мен мониторинг процесін автоматтандыратын бірыңғай терезе қағидасы бойынша заманауи, ойластырылған интерфейс құрылды. Бұл деректер жинаудан және нысандарды қолмен толтырудан тапсыруға толық дайын есептер мен жобаларды автоматты түрде қалыптастыруға дейін жеңіл өту. Бүгін бұл стартап-компания «Қазақстандық табиғат пайдаланушылар қауымдастығымен» (КАПУР), «Мемсараптама» РМК, «Intellisense-Lab» ЖШС, «Transtelecom» АҚ, «Қазақстандық экологиялық жобалау орталығы» ЖШС-мен жұмыс істейді. Стартапта ERG және AА Engineering Group сияқты ірі клиенттер мен серіктестер бар. Тағы бірқатар табиғат пайдаланушылармен келіссөздер жүргізілуде.
Қазақстандық рыноктың назарын аудартатын тағы бір жоғары технологиялық әзірлеме бар. Verigram стартабы суреттерді талдау үшін компьютерлік көру технологиясын пайдаланатын қызмет құрды. Verigram адамды тауып, салыстыра алады, мәтінді танып, нақты уақыт режимінде нәтижелер бере алады. Жасанды интеллект және нейрондық желілер оқылатын модельдер жасайды, олар үнемі жетілдіріліп, адамдар мен мәтінді тану саласында өз мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл бизнеске онлайн режимінде мобильді қосымшалар мен дербес компьютерлер арқылы клиенттерді сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Қызмет дайын қосымшаларға оңай біріктіріледі. Қолайлығын және ең бастысы - деректерді тіркеу дәлдігін Beeline, Insurance Agents Alliance, Salem Insurance, Nomad Insurance, «Da24» LLP, Cisco Kazakhstan, Mykhat сияқты компаниялар бағалады. Қазір команда Сбербанк сияқты қаржылық алыбы үшін өз шешімдерін пилоттық режимде тестілеуде.
Табысты Aida Service маркет-плейсін атап өту керек. Ол тікелей отандық құрылыс материалдарын өндірушілер мен құрылыс салушыларды, сондай-ақ жеке тұрғын үй салумен немесе жөндеумен айналысатын жеке тұлғаларды біріктірді. Бұл делдалдарға операциялық шығындарды азайтты. Құрылыс материалдарын сатып алу кезінде орташа үнемдеу 15% құрады. Демек, дайын шаршы метрдің құны да төмендейді. Барлық құжат айналымы ашықтық қағидаты бойынша құрылған жүйе ішінде автоматты түрде қалыптасады, бұл сыбайлас жемқорлықты бейтараптандырады. Маркетинг-плейстің қолайлылығы мен пайдасын бірнеше ірі құрылыс корпорациялары мен құрылыс материалдарын онлайн төлемей және құрылыс рыноктары бойынша сапарларға уақыт жұмсамай сатып алатын мыңдаған жеке клиенттер бағалады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Tech Garden Дербес кластерлік қоры (ДКҚ) – ҚР Үкіметі құрған мемлекеттік ұйым. ҚР Премьер-Министрі ДКҚ Басқарушы комитетінің төрағасы болып табылады. Tech Garden инновациялық кластері өнеркәсіпке және бизнеске қажетті инновацияларды дамыту үшін кәсіби орта болып табылады.


