
Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) басқарушы директоры, Ералы Шоқбаров, «РИСК-2019» бірінші Еуразиялық конференциясында «Алматы қаласының сейсмикалық тәуекелдерін бағалау» баяндамасын ұсынды. Әзірбайжанның Сейсмологиялық қызметі орталығымен ұйымдастырылған іс-шара Баку қаласында РҒА және ТЖМ, Ресейдің Тәуекелді талдау қоғамымен, Қазақстанның Ұлттық Еуразия университетімен ресми әріптестік жағдайында 22 мамырдан 24 мамыр аралығында өткізілуде.
Конференцияға Италия, Жапония, Хорватия, Болгария, Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Украина, Грузия елдерінің сарапшылары қатысуда.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ зерттеу жұмысының әдістемесі сарапшылық бағалардың, әдістемелік және талдамалық әдістердің, жер сілкіністерінен болжанған экономикалық залалды және әлеуметтік жоғалтуларды анықтау бойынша есептеулерді орындау және ғимараттардың зақымдануларын бағалау үшін Алматы қаласының құрылысын төлқұжаттандыру материалдарын өңдеудің ықтималды-статистикалық әдістерінің жиынтығына негізделген.
Төлқұжаттаудың нәтижелері сейсмикалық қауіпті ғимараттарды табуға, сейсмикалық қуаттандыру және бұзу бойынша бірінші кезектегі нысандарды тағайындауға, сейсмикалық қауіпті ғимараттарды күшейтуге және ескірген тұрғын үйлерді бұзуға кететін көлемді анықтауға мүмкіндік берді.
Төлқұжаттандыру нәтижелерінің негізінде сейсмикалық осалдықты бағалай отырып, тексерілген ғимараттардың электрондық төлқұжаттары құрылған болатын.
Төлқұжаттандырудың нәтижелері бойынша Алматы қаласының ғимараттары мен құрылыстарының сейсмикалық осалдығы және сейсмикалық тәуекелдер карталары бойынша деректер базасы құрылған, бұл тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қызметінің сенімділігін арттыруға, жер сілкіністері кезінде ғимараттар мен құрылыстарға түсетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді.
Анықтама үшін: 2017-2018 жылдары «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысының тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешені» 2016-2018 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласындағы «Жылжымайтын мүлікті төлқұжаттандыру» жүргізілген болатын. 2017 жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС сарапшылары 7027 ғимаратты, оның ішінде 6 547 тұрғын үй объектілерін, 323 мектепті, 246 бала бақшаны, 89 емхананы тексерді. 2018 жылы жылжымайтын мүліктің 3131 нысаны, олардың ішінде бала бақшалар, мектептер мен ауруханалар, мемлекеттік мекемелер тексерілді.
