ASTANABUILD ШЕҢБЕРІНДЕ ҚҰРЫЛЫСҚА АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІ ЕНГІЗУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

ASTANABUILD ШЕҢБЕРІНДЕ ҚҰРЫЛЫСҚА АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІ ЕНГІЗУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Іс-шараның шеңберінде «BuildingSMART Russia», «BIM.kz», «Alcor», «CAD.KZ» , «BI-group» компанияларының өкілдері сөз алды.

 ВІМ терминологиясы, девелоперлік жобаларда технологияларды қолдану, жалпы деректер ортасын ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ ғимараттарды пайдалану процесінде ақпараттық модельдеуді қолдану мәселелері қозғалды.

Іс-шараны «ҚазҚСҒЗИ» АҚ даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директорым Александр Шахнович «ҚР құрылысында ақпараттық модельдеуді қолдану үрдісі» баяндамасымен ашты. Баяндама барысында астананың жобалау қоғамдастығының өкілдеріне «Құрылыс нысандарын жобалау кезінде ақпараттық модельдеу технологияларын (ВІМ-технологияларын) енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын» іске асыру бойынша жұмыстар барысының ағымдағы нәтижелері қысқаша ұсынылды.

Аудиторияның үлкен практикалық қызығушылығына BIMLIB жобасы ие болды, ақпараттық модельдеу кезінде элементтер кітапханасын пайдалануға байланысты мәселелер қарастырылды.

Анықтама үшін:

ҚОАМТ (BIM)- Құрылыс объектілерінің ақпараттық модельдеу технологиялары - жобалаудың барлық сатыларында ғимарат туралы ақпаратты жинауды және кешендік өңдеуді ұйғаратын ғимаратты салу, жабдықтау, пайдалануды қамтамасыз ету және жөндеу тәсілі.