
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы №127 шешіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың 2020 жылғы 2 қазандағы №20-3/05-2510 тапсырмасына сәйкес жеңіл өнеркәсіп тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жөніндегі пилоттық жобаны іске асырылуда.
Пилоттық жобаны жүргізу кезеңі 2020 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Пилоттық жобаның мақсаты таңбалау тетігін және нарыққа қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды сынақтан өткізу болып табылады. Таңбалау тауарлардың заңсыз айналымын азайтуға және ел аумағына тауарлар жеткізу тізбегінің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда жобаға 26 кәсіпорын қатысуға ниет білдірді. Олардың ішінде 8 өндіруші және 18 импорттаушы бар.
Айта кету керек, пилоттық жоба ерікті болып табылады, оған Министрлікпен келісім бойынша кез келген уақытта қосылуға болады.
Өз кезегінде министрлік тиісті іс-шаралар жоспарын (жол картасын), сондай-ақ пилоттық жобаны өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірледі және бекітті. Бұдан бөлек, жобаны іске асыру барысында туындайтын мәселелерді жедел қарау және шешу үшін жұмыс тобы құрылуда.
Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы "Қазақтелеком"АҚ болып табылады.
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті таңбалауды енгізу туралы шешім пилоттық жобаның және реттеушілік әсерді талдаудың қорытындылары бойынша ғана қабылданатын болады.