ҚР ИИДМ Қазақстан аумағы бойынша транзиттік тасымалдардың деректер базасын автоматтандырды

ҚР ИИДМ Қазақстан аумағы бойынша транзиттік тасымалдардың деректер базасын автоматтандырды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жұмыс процестерін цифрландырудың жаңа кезеңі туралы хабарлайды. Сынақтар аяқталып, көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесін (АТСТБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісіне қол қойылды.

АТЖҚИ тасымалдау қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға, деректердің бірыңғай шоғырландырылған базасын қалыптастыруға, оның ішінде республика аумағында тразиттік тасымалдар туралы ақпаратты жинау мен өңдеуді автоматтандыруға арналған.

Бірыңғай шоғырландырылған дерекқор ҚР ИИДМ Көлік комитетінің барлық бөлімшелерінен, теңіз және шағын көлемді кемелердің иелерінен, теміржол көлігі иелерінен, сондай-ақ автокөлікпен тасымалдау бойынша ақпаратты жедел алу есебінен нақты уақыт жағдайында жинақталады. 

Жүйеге "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ сынақ жүргізді. Бастапқы кодтарды талдау, ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау, жүктемелік сынау, желілік инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеу жағдайы қамтылды. 2021 жылғы 25 мамырда Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң акт алынды.

Көлік дерекқорының ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу 2006 жылы басталған болатын.