Сумен жабдықтау. Қызылорда облысы

Сумен жабдықтау. Қызылорда облысы

Өңірде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі:
қалаларда - 98%,
ауылдарда - 97,5% құрайды.

2021 жылы облыста ауыл халқын осы қызметтермен қамту үшін 5 жобаны іске асыруға 1,3 млрд теңге қаражат көзделген. Оның ішінде:

- қалаларда сумен жабдықтау бойынша 1 жобаны іске асыруға 0,8 млрд теңге;

- ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру бойынша 4 жобаны іске асыруға 0,5 млрд теңге бөлінеді;

Жыл қорытындысында облыста ауыл тұрғындарының 97,8% сапалы сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.