
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі: қалаларда - халықтың 100%, ауылдарда - 82,1% құрайды.
2021 жылы ауыл халқын осы қызмет түрлерімен барынша қамту үшін 15 жобаны іске асыруға 4,1 млрд теңге қаражат көзделген.
Оның ішінде:
- қалаларда сумен жабдықтау, су бұру қызметі бойынша 3 жобаны іске асыруға 1,3 млрд теңге;
- ауылдарда 12 жобаны іске асыруға 2.8 млрд теңге бөлінеді;
Жыл қорытындысында облыста ауыл тұрғындарының 83,5% сапалы сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.