2021 жылы Қазақстан халқының 95% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

2021 жылы Қазақстан халқының 95% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Республика бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік деңгейі қалаларда – 97,5%, ауылдарда – 90,1% құрайды.

Үкімет халықты сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

2021 жылы бұл мақсатқа 125 млрд теңге қарастырылған. Жыл қорытындысында 200 мыңға жуық адамды осы қызмет түрлерімен қамту жоспарланған. Яғни, жалпы алғанда 17,86 млн адамды немесе республика халқының 95% құрайды. Оның ішінде: қалаларда - 98%, ауылдарда – 91,8%